22
Жұма,
Қараша

һижри

Бұл екі сүрені оқығанның қалаған тілегі беріледі

Ғибратнама
Жарнама

Дұға – құл мен Алла тағаланың арасындағы ең берік байланыс құралы. Мүмкіндіктері шектеулі пенденің асыл-мұраттарын құдіреті шексіз Жаратқанға білдіріп, жәрдем тілеуі. Ал мына екі сүрені оқығанның қалаған тілегі берілетіндігі туралы Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) өсиеті бар:

«Жәбреил періште (ъ.с.) Пайғамбардың (с.ғ.с) жанында отырған уақытта, төбеден есiктiң ашылғанына ұқсаған дыбысты естiдi. Жәбраил (ғ.с.) басын төбеге көтерiп: «Бұл дүние аспанының қақпасы. Ол осы күнге дейiн жабық болып, ендi ашылды», – дедi. Ол қақпадан сол күнге дейiн жер бетiне түспеген перiште түстi. Ол Нәбимен (с.ғ.с) сәлемдесiп: «Сүйiншi! Саған (с.ғ.с) осы уақытқа дейiн ешбiр Пайғамбарға берiлмеген екi нұр берiлдi. Ол: «Фатиха» сүресi мен «Бақара» сүресiнiң соңғы бөлiгi. Бұл екеуiнiң қайсысын оқысаң да, тiлегенiң берiледi», – дедi» (Муслим).

ummet.kz

Бөлісу: