22
Жұма,
Қараша

һижри

Бәле-жаладан, қауіп-қатерден қорған сұрайтын дұға

Бәле-жаладан, қауіп қатерден қорған сұрайтын дұға

Ғибратнама
Жарнама

Дұға мұсылманның Жаратушысына толық бойсұнғандығын, Оған толық тәуелді екендігін білдіреді. Адамды кез-келген жағдайда Раббысын ғана еске алып, Одан ғана жәрдем тілеуге, Жаратушысымен жақын болуға тәрбиелейді. Ал, отбасыңызға бәле-жаладан, қауіп қатерден қорған сұрайтын мына дұғаны жиі оқып жүріңіз:

Я, Алла! Сенен мен (осы) дүние және ақыретте жарылқау мен есен-амандық тілеймін. Уа, Алла! Сенен мен дінімде, тұрмыс-тіршілігімде, отбасым мен мал-мүлкімде жарылқау мен есен-амандық тілеймін. Уа, Алла! Менің әбүйірімді Өзің бүркеп қойғайсың, мені қорқыныштан аман еткейсің. Уа, Алла! Мені алды-артымнан, оң жақ-сол жағымнан және төбемнен де Өзің сақтағайсың! Сондай-ақ астымнан кенеттен қиянатқа ұшырап, өліп кетуден Өз ұлылығыңнан пана сұраймын! (Әбу Дауд, Насаи)

 

«Аллаһумма инни әс-әлукәл-ъафуа уәл-ъафиәтә фид-дуня уәл-әхираһ. Аллаһумма инни әс-әлукәл-ъафуа уәл-ъафиәтә фи дини уә дуня-я, уә әһли, уә мәәли. Аллаһуммас-тур ъаураати уә әәмин рауъаати. Аллаһуммах-фазни мин бәйни йәдәяя, уә мин халфи, уә ъан ямини уә ъан шимәәли, уә мин фәуқи, уә әъуузу би ъазамәтикә ән уғтәәлә мин тәхти».

ummet.kz

Бөлісу: