22
Жұма,
Қараша

һижри

Ізгі адам – жыл бойы ынта танытатын адам

Ізгі адам – жыл бойы ынта танытатын адам

Ғибратнама
Жарнама

Расында Рамазан айында күнәдан тыйылып, бірақ ораза аяқталғаннан кейін күналарға қайта  оралған адам моншадан шыға салып нәжіске  сүнгіген адам сияқты. 

Үнемі, үздіксіз орындалатын амалдардың сауабы арагідік істелетін амалдардың сауабына қарағанда көбірек болатыны туралы имам Ән-Нәуәуи былай деп қалам тербеген: «Аз да болса үнемі орындалатын амалдар арқылы Аллаға бойсұну жалғасын табады. Бұл Алланы еске алу, Оның бақылауын сезіну, Оған ықылас қою және Оған қарай бет бұру арқылы болады. Ал көп әрі қиын амалдар үзіліп, тоқтап қалуы мүмкін. Тіпті үнемі орындалатын аз амалдар дами келе арагідік орындалатын көп амалдардан бірнеше есе асып түседі», – деп айтқан.

Алла тағала бұл турасында  Құранда:

"...Ал енді бұрын өздеріне кітап беріліп, сосын ұзын мерзім өткендіктен жүректері қатайғандар сияқты болмаңдар. Олардың көбі бұзақылар". деген «Хадид» сүресі, 16-аят.

Ислам ғұламаларының бірі Хафиз Ибн Ражаб: “Рамазан айында ораза ұстау нығметін одан кейін күнә жасаумен ауыстырған адам туралы айтар болсақ, бұл Алланың мейірімін қайырымсыздыққа ауыстырған адамның амалдарынан!”-деген. (“әл-Ләтаиф” 398)

Бірде ғұлама Бишр әл-Хафиге: «Ақиқатында, тек Рамазан айында ғана құлшылықта ынта танытатын адамдар бар», - деп айтылғанда, ол: “Алланы тек Рамазанда ғана еске түсіретін халық нашар! Ақиқатында, ізгі адам – жыл бойы ынта танытатын адам!»-деп жауап қайырған.  (“әл-Ләтаиф” 396).

ummet.kz

Бөлісу: