26
Жұма,
Сәуір

һижри

Жақын адам үшін дұға қалай жасау керек?

Жақын адам үшін дұға қалай жасау керек?

Ғибратнама
Жарнама

Муслимнің сахих хадистер жинағында мынадай хадис бар: «Мұсылманның мұсылманға жасаған дұғасы қабыл болады. Мұсылман бауыры үшін тілек айтқанда, періштелер: «Әумин, Алла саған да бауырың үшін сұрағаныңды берсін» дейді екен.

Ал Бұхари: «Ең жылдам қабыл болатын дұға – мұсылманның бауыры үшін жасаған жасырын дұғасы» деген хадисті келтіреді. Бұл – оның көзінше жасалған дұғадан жетпіс есе артық. Сонымен қатар, Тирмизи «Екі дұғаның Алламен арада бөгеті болмайды. Біріншісі – жәбір көрген адамның жасаған дұғасы. Екіншісі – мұсылманның бауыры үшін жасаған жасырын дұғасы» деген хадисті келтіреді.

Егер сіздің досыңыз ақиқат жолды көрсетіп, сол жолға сіздің түсуіңізге себепкер болған болса, онда бұл адамның сіздің өміріңізден алатын орны ерекше болу керек. Және де мұндай адам үшін дұға жасау, сөзсіз, разылық танытудың көркем түрі болмақ, алайда бұл жерде мына бір дұға ең жақсы деп айту қиынға соғады.

Жалпы айтқанда, сіздің дұғаңыз бұл адамның өмірі асыл дінімізге қызмет етуге бағытталған болсын, сол арқылы Алла разылығына кенеліп, ақиретте Жұмақ мекендеушілерінен болсын деген сарында болғаны жөн болар.

Маңыздысы, сіздің дұғаңыз шынайы түрде болуы тиіс. Өзіңіз үшін де, өзгелер үшін де жасалған дұға шын жүректен шығып, жан-тәніңізбен жасалуы қажет. Алла Тағала сізге осындай дұғаларды нәсіп етсін әрі сіздің дұға-тілектеріңізді қабыл етсін!

ummet.kz

Бөлісу: