22
Жұма,
Қараша

һижри

Мұсылман бауырыңа жасаған дұғаң – өзіңе жасаған жақсылығың

Мұсылман бауырыңа жасаған дұғаң – өзіңе жасаған жақсылығың

Ғибратнама
Жарнама

Муслимнің сахих хадистер жинағында мынадай хадис бар: «Мұсылманның мұсылманға жасаған дұғасы қабыл болады. Мұсылман бауыры үшін тілек айтқанда, періштелер: «Әумин, Алла саған да бауырың үшін сұрағаныңды берсін» дейді екен.

Ал Бұхари: «Ең жылдам қабыл болатын дұға – мұсылманның бауыры үшін жасаған жасырын дұғасы» деген хадисті келтіреді. Бұл – оның көзінше жасалған дұғадан жетпіс есе артық.

Сонымен қатар, Тирмизи: «Екі дұғаның Алламен арада бөгеті болмайды. Біріншісі – жәбір көрген адамның жасаған дұғасы. Екіншісі – мұсылманның бауыры үшін жасаған жасырын дұғасы» деген хадисті келтіреді.

Бір адамды оның мансабы, ақшасы, атағы, танысының көптігі үшін емес, оның бойында Алла Тағала жақсы көретін қасиеттері болғаны үшін жақсы көріп, жақын тұтқандарды Алла Тағала жақсы көреді. Бұл – Алла разылығы үшін болған мәртебелі махаббат.

ummet.kz

Бөлісу: