22
Жұма,
Қараша

һижри

Онға, жүзге, мыңға татитын бір еркек

Онға, жүзге, мыңға татитын бір еркек

Ғибратнама
Жарнама

Нағыз кемел адам – тек қана Мұхаммед Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) болғандығы ақиқат. Ешкім, ол секілді бола алмайды, бірақ Абай: «Болмасаң да ұқсап бақ» демей ме?

Бір адамның он адамға, жүз адамға, тіпті мың адамға татиын кезі болады. Тарих беттерінен бір халыққа татитын азаматтардың болғанын білеміз. Данышпандардың «жүрегі Ұлы істерге деген талпынысқа толы еркек халықты жандандырады» деген сөзінде жан бар.

Хира қаласын қоршауға алған Халид ибн әл-Уалид Әбу Бәкірден қосымша әскер сұрағанда: «Мұндай адамы бар әскер ешқашан жеңілмейді» деп жазылған жолдамамен бір ғана сахабаны жібермей ме? Египетті босату үшін жіберілген әскер қолбасшысы Әмір ибн әл-Ас Омардан көмек сұрағанда: «Мен саған төрт мың әскер жіберемін, мұның әрбірінің басында бір өзі мыңға татитын төрт қолбасшы бар» деген хат жіберілгенін білесіз бе?

ummet.kz

Бөлісу: