28
Бейсенбі,
Наурыз

һижри

Кімде-кім үш нәрсені айтқанымен, үш нәрседен тазаландаса ол - алданған кісі

Кімде-кім үш нәрсені айтқанымен, үш нәрседен тазаландаса ол - алданған кісі

Ғибратнама
Жарнама

Имам Ғазали айтады:

«Кімде-кім үш нәрсені айтқанымен үш нәрседен тазаланбаса, ол алданған болып саналады. Бұлар:

1. Алланы зікір қылудан рахат алғанын айтқанымен дүниені сүйгендер;

2. Ықыласты іс жасауды жақсы көретінін айтқанымен басқалардың өзін құрметтеп тұруын қалағандар;

3. Жаратушысын сүйгенін айтқанымен нәпсісіне бас игендер»

Пайғамбарымыз (с.ғ.с): «Үмбетімнің басына бір уақыт келеді. Сонда олар бес нәрсені сүйіп бес нәрсені ұмытады:

1. Дүниені сүйіп, ақыретті ұмытады;

2. Мал-мүлікті сүйіп, есеп беруді ұмытады;

3. Жаратылғандарды сүйіп, Жаратқанды ұмытады,

4. Сарайларды сүйіп, қабірді ұмытады»

Мансур ибн Аммар бір жігітке былай деп насихат айтқан: «Ей, жігіт! Жастығыңа албанба. Тәубені кешіктіріп, еш өлмейтіндей жүрген, өлімді еске алмаған қаншама жастар бар. Олар: «Мен ертең не одан кейінгі күні тәубе жасаймын», - дейді. Бірақ өлім періштесі оларды тәубеден бейхабар жүргенде желкеден алып, қабірге түсірді. Ол қабірде мал-мүлік, құт-құтан, бала-шаға, ата-ана пайда бермейді. Бұл туралы Алла Тағала былай деген: «Ол мал-мүлік те, бала-шаға да титтей пайда бермейтін күн»

«Ол күні Аллаға пәк һәм (рухани) кеселдерден ада жүрекпен келген жан ғана (азаптан құтылып, мақсатына жетеді)»

Уа, Жаратқан Алла! Бізге өлімнен бұрын тәубе келтіруді нәсіп қыла гөр және біздің жүрегімізді оят! Бізді пайғамбарлардың ең асылы болған Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) шапағатына жеткіз!

материал «Жүрек сырлары» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: