22
Жұма,
Қараша

һижри

Дене мүшелері арқылы жасалатын күнәлар

Ғибратнама
Жарнама

Күнә – Алла Тағаланың тыйым салған істері. Оны жасау Алланың әмірлерін орындамай қарсы шығу деген сөз. Күнә жасаудың жазасы тозақ болмақ. Бір күнәні жасамау нәпіл ғибадаттың сауабынан артық. Өйткені, нәпіл ғибадат парыз емес, ал күнәлардан сақтану – парыз.

Тыйым салынған, күнәлі істерді адам өз дене мүшелері арқылы жасайды:

1. Жүрекпен жасалатын күнәлар: Аллаға серік қосу, имансыздық, күпірлік, тәубе етпеу, Алладан үміт үзу;

2. Тілмен жасалатын күнәлар: өсек, ғайбат, өтірік айту, жала жабу, сиқыр жасау, өзгені балағаттау;

3. Ауыз арқылы жасалатын күнә: ішімдік ішу, жетімнің малын жеу, өсім жеу, харам асты жеу;

4. Ұятты жер арқылы жасалатын күнә: зина жасау;

5. Қолмен жасалған күнә: ұрлық, адам өлтіру, жазықсыз жанға қол көтеру, біреудің мүлкін бүлдіру;

6. Аяқпен жасалған күнә: күнәлі іске бару, соғыстан қашу;

7. Көзбен жасаған күнә: біреудің әурет жеріне қарау, бөгде әйелге сұқтану, көз зинасын жасау;

8. Құлақпен күнә жасау: өсек, ғайбат тыңдау, естігенін өзгеге жеткізу.

Әһли сүннет сенімі бойынша күнәлар үлкен және кіші болып екіге бөлінеді. Аят пен хадис арқылы қатаң түрде тыйым салынған амалдарға «үлкен күнәлар» (кәбаир) деп аталады.

материал «Ихсан – рухани тәрбие негізі» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: