22
Жұма,
Қараша

һижри

Тәрбиеге кім мұқтаж?

Тәрбиеге кім мұқтаж?

Ғибратнама
Жарнама

Қазіргі қоғамда тәрбие тек қана балаларға ғана қажет деген түсінік байқалады. Шындығында, солай ма?

Қазіргі кезде, тәрбиеге жас та ,кәрі де, бала да, қария да мұқтаж. Тіпті,қазір нағыз тәрбие балалардан бұрын ата-анаға керек десек қателеспеспіз. Қарапайым жұмысшы да, ғалым да, дәрігер де, заңгер де, тіпті сол жұртқа беріп жүрген мұғалімдердің өзі түптеп келгенде иләһи тәрбиеге ауадай зәру. Ал, өзінің жүрегінде иләһи тәрбиесі жоқ адам өзгелерге қандай жақсылық үйретуі мүмкін?!
Бірақ мұндай бүкіл ғаламды түгіл қамтитын кең көлемдегі ұлы тәрбиені тек ғана Ислам дінінен табуға болатынын кейбіреулер білмей жүр. Білгеннің өзінде, мойындағысы келмейді. Ислам тәрбиесі бізге қандай тәрбие береді?

Алла Тағала адам баласын әртүрлі сынақтар жіберу арқылы тәрбиелейді. Құранға бойлаған сайын әрбір аяты кісінің рухын тәрбиелейді. Адамзаттың ең ұлы ұстазы, ардақты Мұхаммед (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) пайғамбарымыздың әрбір сөзі мен ісі арқылы, өмірінің әрбір сәті арқылы адамзатты тәрбиелейді. Қарап отырсақ, Алланың жіберген түрлі ауыртпашылықтары арқылы да адамзат баласының жандүниесі тәрбиеге келіп, кемелдене түседі.

Қасиетті Құранның мына бір аятына көз салсақ: "Шын мәнінде, аспандар мен жердің жаратылысында, түн мен күннің алма-кезек ауысуында, сондай-ақ адамдарға пайда келтіру үшін кемелердің теңіз бетінде жүзуінде, Алланың көктен жаңбыр жаудырып өлген жерді тірілтуінде және оның үстінде әр алуан жан-жануарларды таратып қоюында, желдің құбылуы мен жер мен көк арасында бұлттардың көшуінде ақыл иелері үшін Алланың бар және жалғыз екендігін білдіретін ап-айқын дәлелдер бар" (Бақара сүресі,164-аят).

Демек, аталмыш табиғи құбылыстардың барлығы да адамдарды мұсылмандыққа тәрбиелейтін құралдар деген сөз. Алланың бар екендігіне иланған кісі Оның түсірген Құранына да сенеді. Құранға иман келтірген адам мұсылмандық өмірдің бүкіл шарттарына көз жеткізеді.
Тәрбие Алланың құлдарына нәсіп еткен ең ұлы нығметтерінің бірі. Құдайын танымайтын адам өмірдің мын түрлі сынақтарын көре-көре өмір ақиқатына көз жеткізе бастайды.

Қараңыз, осы ақиқат тұрғысынан келгенде, тәрбиелі болу үшін міндетті түрде жоғары оқу орнын тәмәмдау шарт емес. Алысқа бармай-ақ көшпелі өмір тіршілігін кешкен ата-бабаларымыз өмірлік тәрбиені университет, академия қабырғасында емес, қара жердің үсті мен көк аспанның астында жүріп алды. Олар "дала академиясының" тәрбиесімен өтті.

Енді салыстырып көрейік,қай дәуірдің тәрбиесі күшті? Мұсылмандыққа, шығыс тәрбиесіне "ескіліктің қалдығы" деп қараған кездерден бастап адамзат баласы қандай жетістіктерге қол жеткізді? Бүгінгі өмірдің кез келген саласына көз жүгіртіп көріңіз.

Алдау, арбау, көз бояу қайдан шықты? Арақ-шарап судай ішіліп, темекі мен есірткінің әдетке айналуы қалай пайда болды? Баланың шеше мен әкеге әкіреңдеп сөйлеуі қай тәрбиенің жемісі? Ерлі-зайыптылардың бір шаңырақ астында бір жылдан артық тұра алмауы қай тәрбиенің "жемісі". Қарабастың қамы үшін кез келген қылмысқа ойланбай баратындар қайдан шықты? Жалаңаш саны мен төсін бүкіл еркек атаулыға мақтанышпен көрсететін түсінік бізге қайдан жұқты? Маңдай терін төгіп еңбек етуден қашатын, жеңілдің астымен, ауырдың үстімен жүргенді жөн көретін еркектер қай тәрбиенің өкілдері? Іштегі баланы алдыру, жасанды түсік, туған баланы жетімдер үйіне, қартайған ата-ананы қарттар үйіне тоғыту дала тәрбиесінде бар ма еді? Ұрып-соғу, пышақтап кету, өз-өзіне қол салу, асылып қалу бұларды да Алланың тәрбиесі болмаса, өзге тәрбие құралымен түзету мүмкін емес.

Міне, осыларды ескере келгенде, қоғам қандай тәрбиеге мұқтаж екенін өзіңіз шешіңіз оқырман! Біздікі жай ғана ой салу!

материал «Жанұя жарасымы» кітабынан алынды,

ummet.kz

 

Бөлісу: