03
Жексенбі,
Наурыз

һижри

Бес нәрсені бес нәрседен бұрын пайдалан

Бес нәрсені бес нәрседен бұрын пайдалан

Ғибратнама
Жарнама

Абдуллаһ ибн Омар Алланың елшісінің (с.а.с.) айтқан өсиеттері мен ақыл-кеңесін бүкіл бітім-болмысымен қабылдады, оны жүрегімен таныпбіліп, ұғынып, ақыл-парасатымен сезінді.

Сонан соң өз кезегінде өзі де басқалар үшін туралықтың үлгісі бола білді. Алла елшісінің (с.а.с.) хадисін кімге айтса, соған таң атса, кешке дейін, кеш батса, таңға дейін өмір сүремін деп ойламау керектігін, кісіге берілген мерзім тез аяқталатынын ескертіп, ақыл-кеңесін беріп, оны мына дүниеден баз кешуге және оған тым көп үміт артпауға шақырды. Ибн Аббас (Алла әкесі екеуіне разы болсын): «Пайғамбар (с.а.с.): «Бес (нәрсені) бес (нәрседен) бұрын: жастық шағыңды қарттығыңнан бұрын, денсаулығыңды дертке шалдығудан бұрын, байлығыңды кедейліктен бұрын, бос уақытыңды (бір) іске байланудан бұрын, өміріңді өліміңнен бұрын пайдалан», – деді», – деген.

Мұсылман ешқандай енжарлық танытпай, кейінірек болашақта істеймін деген үмітке алданып, кешікпей, игілік жасауға және құлшылыққа көп көңіл аударуға, ізгі амалдар жасауға асығуы тиіс, өйткені оның уақытмезгілі қашан бітетіні белгісіз.

Мұсылман әрбір қолайлы сәт пен мүмкіндіктерді босқа өткізіп алмастан пайдалануға міндетті.

Бұл хадис бұл дүниеге беріліп кетпей, одан баз кешуге үйретеді. Бірақ бұл барлық істен, мақсат-мұраттан және әрекет етуден бас тарту деген сөз емес. Әйтсе де бұл дүниеге құл болмау және ақыретті ұмытып, тіршілік түйткілдерімен әуре боп кетпеу туралы айтылған.

Мұсылман Алла Тағаланың жазасынан үнемі сақтанып жүруі тиіс. Ол жолда өзінің мақсат-мұратынан танатын істерден бойын аулақ салып, барынша сақтық жасайтын жолаушыдай зор белсенділік танытуға ұмтылуы керек. Әрі ол ізгі амалдар жасау үшін барлық күш-жігерін жұмсауға және игілік-ізгіліктің барлық мүмкін болған түрлеріне баса көңіл бөлуге әрекеттенуі керек.

Мұсылмандар өздерін мақсат-мұратынан адастырып, мақсатына жетуге кедергі жасайтын жаман адамдармен достасудан абай болуы керек.

Мұсылман бұл дүниелік тіршілікпен өз жанының талап-тілегін қанағаттандыру және пайда табу үшін айналысуы қажет. Ол мұның бәрін ақырет істеріне және Алла Тағаланың разылығын алу үшін ұмтылысқа бағындыруы керек.

Мұндай хадистер бізге дүниелік істерге көбірек бой ұрып, мәңгілік өмірге қатысты немқұрайдылық таныта бастаған кездерімізде дүниелік және діни істердің арасындағы сара жол болып табылатын орташа межені ұстануымызға жәрдемдеседі.

материал «Имам ән-Нәуәуи таңдаған қырық хадис шархы» кітабынан алынды,

ummet.kz

 

Бөлісу: