19
Жұма,
Сәуір

һижри

Баласын күйеуге айырбастаған әйел

Баласын күйеуге айырбастаған әйел

Ғибратнама
Жарнама

Ауф бин Мәликтің (р.а.) айтуынша Хазіреті Пайғамбар (с.а.у.) сұқ саусағы мен ортаңғы саусағын біріктіріп: «Мен, сұлу да әдемі бола тұра күйеуі өлгеннен кейін тұрмысқа шықпай, боянбай балаларына қараған әйелдермен жұмақта осылай бірге боламыз» деген (Ахмед ибн Ханбәл 6/29).

Хадиске түсініктеме:

Мүминдердің барлығы жұмаққа кіреді. Бірақ олардың жұмақтағы дәрежелері бірдей болмайды. Олар иманы мен амалдарына қарай әр түрлі дәрежеде болады. Бұл жайлы Хазіреті Пайғамбар (с.а.у.) бір хадисінде былай дейді: «Жұмақтағылар өздерінен жоғарыда тұратындарды шығыс пен батыстағы жарық жұлдыздарды көргендей айқын көреді. Өйткені олардың араларында айырмашылықтар бар».

Сахабалар:

– Уа, Алланың Елшісі! Жоғары дәреже Пайғамбарлардікі емес пе? Оған өзгелер қалай қол жеткізеді? - деп сұрағанда; Хазіреті Пайғамбар (с.а.у.): «Алланың атымен ант етемін! Олар Аллаға сеніп пайғамбарды растаған бір топ адамдар» деп жауап береді. Хазіреті Пайғамбар (с.а.у.) сахабалардың ойлағанындай жұмақтағы үлкен дәреженің тек қана пайғамбарға тиісті еместігін, оған Аллаға шынайы сеніп, пайғамбарларды растаған адамдарға да нәсіп ететінін білдірген. Мүминдердің шексіз қуаныштары – Хазіреті Пайғамбармен (с.а.у.) жұмақта бірге болу. Хазіреті Пайғамбар (с.а.у.) тірі кезінде жұмақта қандай адамдар өзімен бірге болатынын кейде білдіріп те отырған. Жоғарыдағы хадисте күйеуі өлсе де тұрмысқа шықпай, бала тәрбиесімен айналысқан әйел өзімен бірдей дәрежеде болатындығын айтқан. Тағы да бір хадисінде: «Өзінің немесе өзгелердің жетім қалған балаларына қараған адаммен жұмақта былай боламыз деп сұқ саусағы мен ортаңғы саусағын көрсеткен».

Бұл хадистің негізгі мағынасы мұндай қайырлы істерді істеген адамдардың дәрежесі үлкен болады. Пайғамбарымыздың дәрежесіне жету оңай іс емес. Күйеуі өмірден өткен әйел тұрмысқа шықсам, балаларымның жағдайы не болады деп, тұрмысқа шықпаса Хазіреті Пайғамбар оларды өзімен бірге болатындығымен сүйіншілеген. Әрине балаларын бағып-қағу ниетінде болса. Әбу Һұрайраның айтуынша Хазіреті Пайғамбар (с.а.у.) Әбу Талибтың қызы Умму Ханиді өзіне тұрмысқа шығуын өтінген. Сонда ол:

– Уа, Алланың Елшісі! Мен қартайдым, оған қоса балаларым да бар деп, тұрмысқа шығуға қарсылығын білдірген. Мұны естіген Хазіреті Пайғамбар (с.а.у.): «Бұл түйеге мінген Араб әйелдерінің ең қайырлысы» - деген.

материал «Әйелдер тұрғысында 40 хадис» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: