21
Сенбі,
Желтоқсан

һижри

Баға шарықтады...

Ғибратнама
Жарнама

Бағаның шарықтаған шағында бір кісі ғалымға келіп, елдегі болып жатқан жағадайды баяндайды. Сонда ғалым тұрып: «Арпаның бір түйірі бір динарға тең келседе ол мені мұңайтпайды.

Біз Алла бұйырғанындай тәуекелмен құлшылық жасауға міндеттіміз. Ал Алла уәде еткеніндей ризық пен береке жеткізуге міндетті.

Қасиетті Құранда: «Күн шығудан бұрын да батудан бұрын да Раббыңды мақтап пәкте. Кеш мезгілдерінде және күндіздің айналасында да пәкте. Мүмкін ризалыққа бөленерсің. «Раббыңның несібесі қайырлы да тұрақты», «Үй-ішіңді намазға бұйыр және өзің де оған көңіл бөл. Біз сенен ризық сұрамаймыз. Сені біз ризықтандырамыз»[1],-деген.

Ең әуелі, санаңда болып жатқан шарықтаулардан арылып, екі дүние жақсылығын тілеп, тірлігіңді жаса»,- деген екен.



[1] Құран Кәрім, Таһа, 130/132.

  «Ummet.kz» рухани-ақпараттық порталы

Бөлісу: