23
Сейсенбі,
Сәуір

һижри

Тәубе және көз жасы

Тәубе және көз жасы

Ғибратнама
Жарнама

Тігінші салих бір адамнан:
«Расулулланың (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Алла Тағала, құлының тәубесін жаны алқымына тығылмайынша қабыл алады» (Тирмизи, Дәауат, 98) хадисі хақында не айтасыз?» - деп сұрайды.

Ол сонда былай сұрайды:

– Иә, солай. Сенің мамандығың не?

– Тігіншімін, киім тігемін.

– Тігіншілікте ең оңай нәрсе не?

– Қайшыны алып матаны кесу.

– Бұл жұмыспен неше жылдан бері айналысып жүрсің?

– Отыз жылдан бері.

–Жаның алқымыңа келген кезде, мата кесе аласың ба?

– Жоқ, кесе алмаймын.

– Ей, тігінші! Біз аз уақыт қиналып, үйреніп, отыз жыл істеген ісіңді сол кезде істей алмасаң, өміріңде еш істемеген тәубені қалай істейсің? Қазір күшің жетіп түрғанда тәубе ет! Әйтпесе, ақтық демде истиғфар мен иманмен жан тапсыру нәсіп болмауы мүмкін...

Сен ешқашан: «Өлім келмей тұрып тәубе өтуге асығыңдар! (Мүнауи, Фәйзул-Қадир, V, 65) - деген сөзді естіген жоқсың ба?»

Сонда тігінші ықыласпен тәубе етіп, салихтардың қатарына қосылды.

Осы қиссадан байқағанымыздай, пенденің алдында мың түрлі дүние мен нәпсінің орлары бар, осылардың ең қауіптісі – шынайы тәубені үнемі кейінге қалдыру. Негізінде, тәубені үстану – барлық өміріміздің қүтқарушысы. Сондай-ақ Расулүлла (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) сахабаларына «ең үлкен ауру – күнә, дәрісі түн қараңғылығында истиғфар» (Дәйлами, Мүснәд, I, 136) екендігін айтқан.

материал «Ақтық дем» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: