10
Бейсенбі,
Қазан

һижри

«Шайтан бар жерде Мен жоқпын»

«Шайтан бар жерде Мен жоқпын»

Ғибратнама
Жарнама

Бірде Алла Елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) және Әбу Бәкір (Алла одан разы болсын) бір мәжілісте отырғанды. Сол кезде бір кісі Әбу Бәкірге (р.а) дөрекілік танытып ауыр сөз айтты.

Әбу Бәкір (р.а) үнсіз қалып жауап бермеді. Ал Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) болып жатқан жағдайды үндемей күлімсіреп бақылап отырды. Әлгі адам тағыда Әбу Бәкірге (р.а) ауыр сөздерін айтуды жалғастырды. Әбу Бәкір (р.а) тағыда үнсіздік танытып жауап қатпады. Үшінші рет ауыр сөз айтқанда Әбу Бәкір (р.а) шыдай алмастан жауап берді.

Сол кезде Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) ашулы күйде орнынан тұрып кетіп қалды. Әбу Бәкір (р.а) дереу Пайғамбарымыздың арқасынан барып: "уа, Алланың Елшісі! Әлгі адам Сенің құзырыңда маған ауыр сөздер айтты, мен оған жауап бергенімде Сен ашуланып шығып кеттің (бір қателік жасадым ба?)" деді.

Сол кезде Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) Әбу Бәкірге (р.а): "Сенің жаныңда екі періште ол адамға жауап беріп жатқан еді. (Мен сол үшін де күлімсіредім). Қашан сен ол адамға жауап беруді бастадың (періштелер кетіп қалды да) шайтан келді. Мен де шайтан болған жерде тұрмайтын шығармын!" деген екен (Ахмад, Мүснәд 9624).

материал Бауыржан Әлиұлының «Ойлаймын да» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: