10
Бейсенбі,
Қазан

һижри

Періштені құшақтағың келсе... (шынайы хикая)

Періштені құшақтағың келсе... (шынайы хикая)

Ғибратнама
Жарнама

Жапонияда қатты жер сілкінісі орын алған. Өкінішке қарай, өте қайғылы жағдай орнап, ол елде адамдар мен дүние-мүлік шығыны көп болыпты. Бар күшін салған құтқарушылар үйінді астынан жас әйелдің денесін тапты.

Әйелдің табылған кездегі қалпы біраз адамды таңқалдырды. Әйел жұмыс істеп жатқан жерінен тізерлеп отырған кейпінде үйінді астында қалып қойған сияқты. Неліктен жер сілкінісінде осындай жағдайда болды? Құтқару тобы өздерін алда не күтіп тұрғанын білген жоқ. Әрине, әйелдің тірі болуы мүмкін деген оймен құтқарушы топ оған жетті, оның денесін шығарып алды. Алайда, өкінішке орай әйел қайтыс болған екен.

Құтқару тобы басқа құласындарға қарай жылжи түсті. Құтқарушылардың бірі әйелдің денесі табылған үйіндіге қарап: «Бала!» деп айқайлай бастады. «Мұнда бала бар!»

Құтқарушылар үйінділерді аралауды жалғастырды. Ұзақ жәна ауыр жұмыстан кейін гүлді көрпеге оралған үш айлық сәбиді тапты. Кішкентай үш айлық сәби тірі екен.

«Ол тірі!»

Әйел баласын аман алып қалу үшін денесін қалқан етіп пайдаланса керек, жерге құлап, жер сілкінісін күткен. Ол өлді, бірақ сәбиі әлі тірі...

Құтқарушылар сәбиді алып кеткенде, оның әлі де тыныш ұйықтап жатқанын көреді. Дәрігер дереу шақырылып, нәрестенің тексерулері сонда жүргізіледі. Дәрігер көрпені ашқанда ұялы телефон шығады. Экранда хабарлама жазылған екен: «»Егер аман қалсаң, сені жақсы көретінімді әрқашан есіңде сақта!»

материал «Бақытын сенен тапқан адам сенікі» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: