26
Жексенбі,
Қаңтар

һижри

Тақуалыққа мына төрт қағида қажет

Тақуалыққа мына төрт қағида қажет

Ғибратнама
Жарнама

Тақуалық жолына түскендерге мына төрт қағида аса қажет:

1. Селкеу түспеген дұрыс сенім.

2. Жасаған күнәсін қайта жасамауға бекініп жасалған шынайы тәубе.

3. Ешкімнің ақысына кірместен адамдармен дұрыс мәміледе болу.

4. Алланың бұйрықтарын жүзеге асыра алатындай деңгейде шариғатты үйрену. Содан соң ақыретке керекті болған басқа да пайдалы ғылымдарға ден қою.

 

Ертеректе Шибли деген ғалым өткен. Жас кезінде төрт жүздей ұстаздың алдын көріп, оларға қызмет еткен екен. Сол кісі былай дейді: «Мен төрт мың хадис үйрендім. Бұлардың ішінен біреуін ғана таңдап алдым. Сол хадисті өмірлік ұстанымым етіп, оған амал етіп келемін. Калған хадистерді бір шетке ысырып койдым. Өйткені көп ойлана келе сол хадис мені жетістікке жеткізетінін ұқтым. Бұл хадисте әуелгілер мен кейінгілердің білімі қамтылған, сол себепті соны қанағат тұттым. Ол мына хадис болатын: Пайғамбарымыз базбір сахабасына былай деп насихат айтты: «Бұл дүние ушін қам жасағанда, осында қалатындай уакытқа сай қам жаса. Ал акырет ушін қамданғанда , ақыретте қалатындай уақытка сай қам жаса. Аллаға қаншалықты дәрежеде мұқтаж болсаң, соншалықты деңгейде амал ет. Тозақ отына қаншалықты шыдай алсаң, соншалықты күнә жасай бер».

материал Имам Ғазалидің «Балама өсиет» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: