30
Бейсенбі,
Қаңтар

һижри

Насихат айту оңай, жүзеге асыру қиын

Насихат айту оңай, жүзеге асыру қиын

Ғибратнама
Жарнама

Насихат айту – оңай. Ал оны жүзеге асыру – қиынның қиыны.

Өйткені дүниенің соңына түсіп, нәпсінің құлына айналып кеткен адамдарға насихат әсер етпейді. Керісінше, тыйым салынған күнәлі істер оларға тартымды болып тұрады. Әсіресе дүниені мақсат тұтып, нәпсінің қалауын қанағаттандыру үшін ғылым үйренетіндер осы топтың ішінде. Себебі олар «Әрекетсіз құр жалаң ілім жәннатқа жетелейді» деп есептейді. Бұл – философтардың ұстанымы. О, тоба! Мұндай адамдар алған білімін іс жүзіне асырмаса, керісінше азапқа душар болатынынан бейхабар. Өйткені Пайғамбарымыз (с.ғ.с) былай деген: «Қиямет күні ең көп азаптанатындар – білімі өзіне пайда бермеген ғалымдар болмақ».

Жунәйд әл-Бағдади қайтыс болғаннан кейін, оны бір кісілер түсінде көреді. Одан «Жағдайың, хал-күйің қалай?» деп сұрағанда, ол: «Аузымыз көпіріп айтқан уағыздарымыз, ауыз толтырып айтқан насихаттарымыздың бәрі бекер-ақ екен. Тек түн ортасында тұрып оқыған екі бас намазымыз ғана олжа екен», - деп жауап береді.

материал Имам Ғазалидің «Балама өсиет» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: