Екі бәдәуи араб Пайғамбарымызға (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) келіп:
- Уа, Алланың Елшісі, адамдардың ең жақсысы кім? - деп сұрақ қояды. Сонда Пайғамбарымыз:
- Ғұмыры ұзақ, амалы жақсы болған адам — деп жауап берді. Екінші бәдәуи:
- Ал ең абзал амал қайсысы? - деп сұрайды. Алла Елшісі оған:
- Тілің Алланы зікір етуден босамауы, — деп жауап берген». (Муснад)
Алла Елшісі (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) былай дейді: «Қиямет күні адам баласы осы төрт нәрседен сұралмайынша орнынан қозғалмайды:
1. Ғұмырын қалай өткізгендігі;
2. Тәнін қалай пайдаланғандығы;
3. Іліміне қалай амал еткендігі;
4. Дүние-мүлкін қайдан тапқаны мен қайда жұмсағаны». (Сунан Тирмизи)
материал «Ғұмырды сақтау» кітабынан алынды,
ummet.kz