Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) Меккеде көп қиындық көрген соң, Исламды жеткізу мақсатында Тайф қаласына барады.
Алайда Тайф тұрғындары оны тыңдамақ түгіл, бала-шағасына дейін тас лақтырып, қала сыртына қуып шығады. Денесі қанға боялып, ағаш көлеңкесіне әрең жеткенде, Жәбірейіл періште келіп: «Егер қаласаң, осы екі тауды қысып, Тайф халқын жоқ қылайын», - дейді.
Сонда Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп жауап береді: «Жоқ. Олардың ұрпағынан Аллаға иман келтіретін бір қауым шығатын болар».
Бұл жерде не көреміз? Кек сақтамау, кешіріммен қарау, үміт үзбеу, сабыр мен адамгершілік. Өзін қорлап, таспен қудалаған халыққа қарғыс емес, жақсылық тілеуі – нағыз адам істей алатын нәрсе.
Я, Алла! Пайғамбарымыздың жұмсақтығындай жұмсақтық бер, оның кешіріміндей кешірімшіл ет. Жүрегімізді тас емес, нұрмен толтыр. Иманымызды күшейт.
материал «Адамзаттың асыл тәжі» кітабынан алынды,
ummet.kz