21
Сенбі,
Желтоқсан

һижри

«Бұл – торғай» (ВИДЕО)

Ғибратнама
Жарнама

80 жастағы шал 45 жастағы ұлымен бірге үйде отырғанында терезе алдындағы ағашқа бір құс келіп қоныпты.

- Бұл не нәрсе? - деп әкесі сұрағанда баласы: «Бұл – торғай», - деп жауап береді.

Біраздан соң әкесі баласынан екінші қайтара:

- Бұл не? - деп сұрағанда баласы:

- Әке, мен сізге «бұл торғай» деп айттым ғой, - депті.

Шал үшінші рет «Бұл не?», - деп сұрады. Осы кезде баласы «Мұны торғай деп айтады» дауысын қатайтып айтқанда оның дауысынан біртүрлі жақтырмаған леп білініп тұрды.

Біраздан кейін әкесі «Бұл не нәрсе?», - деп сұрағын төртінші рет қайталады. Бұл жолы баласы: «Мен сізге қайта-қайта мұны торғай деп атайды деп айтсам да неменеге түсінбей менен қайталап сұрай бересіз!» - деп әкесіне қарап дауыс көтеріп айқайлапты.

Әкесі өз бөлмесіне кіріп кетіп қайта шығып келеді де баласына өзінің көп жылдардан бері жазып жүретін ескірген күнделік дәптерін ұсынып:

- Мына бір бетті оқышы, - дейді.

Ол күнделік бетінде осыдан көп жыл бұрын төмендегідей сөз жазылған екен: «Бүгін үш жасар баламмен бірге үйде отырғанымда біздің терезенің алдындағы ағашқа торғай келіп қонды. Ұлым 21 рет «Бұл не?» деп сұрағанда мен 21 рет «Мұны торғай деп айтады» деп жауап бердім. Ұлым бір сұрақты 21 рет қайта сұраған сайын маған оның күнәсіз сәби жүзі сондай сүйкімді көрініп, күлкім келсе де сұрағына шын ниетіммен жауап бердім». 

 

{youtube}DIo8LZYZg4k{/youtube}

Бөлісу: