16
Жексенбі,
Қараша

һижри

Лұқман хәкім өз ұлын неден сақтандырып ескертті?

Лұқман хәкім өз ұлын неден сақтандырып ескертті?

Ғибратнама
Жарнама

Лұқман хәкім өз ұлын сақтандырып ескерткен ең бірінші нәрсе – бұл ширктен (яғни көпқұдайшылықтан, Аллаға серік қосудан) сақтандырып ескерту болды.

Ширк – бұл Пәк әрі Аса Жоғары Алладан басқа әлде кімге немесе әлде неге құлшылық ету, яғни ғибадат амалдарын соған арнап жасау.

Құлшылық келесідей нәрселерде көрініс табуы мүмкін:

1) жүрекпен құлшылық–ғибадат жасау: бұл тағзым-итағатпен қорқу, тәуекел ету, жақсы көру, үміт ету сияқты жүрек амалдарын тек Пәк әрі Аса Жоғары Аллаға ғана арнау. Егер осы ғибадат Алламен бірге әлдебіреуге арналса, онда бұл жамандықтардың ішіндегі ең жаманы ширк (көпқұдайшылық) болады;

2) тілмен ғибадат жасау: мысалы, Құран оқу, немесе Алла Тағаланы зікір ету,

Лұқман хәкімнің өсиеттері немесе адамдарды жақсылыққа шақырып, жамандықтан тыю. Мұндай ғибадат та тек Аса Жоғары Алла үшін жасуы міндетті;

3) дене мүшелерімен құлшылық жасау: мысалы, намаз, қажылық, ораза сияқты басқа да амалдар. Егер құлшылықтың осы сияқты түрінің әлдебіреуі Алладан басқа үшін жасалса, бұл ширк болып саналады.

4) мал-мүлікпен жасалатын құлшылық-ғибадат: мысалы, зекет, садақа беру, әрі қажылық жасау да бір жағынан осыған кіреді.

Лұқман өз ұлына өсиет айтуын былай деп бастайды: «Әй ұлым! Аллаға серік қоспа! Күдіксіз, Аллаға серік қосу (ширк) өте зор зұлымдық».

Не үшін Лұқман өзінің ескертуін дәл көпқұдайшылықтан, яғни ширктен бастады?

Мұның бірінші себебі: ширк келтіретін зиян мен жамандық басқа күнәлардың ешбірінің зиянындай емес, ол өте ұлы зиян, өте үлкен жамандық алып келеді. Ширк адамның істеген жақсы істері мен амалдарының барлығын жойып жібереді, оларды зая етеді. Еңбек етіп, тер төгіп жұмыс істеп игі істер істеген, бірақ оның ешбір істеген амалдары қабыл етілмеген адамды елестетіп көріңізші. Бұл өте қорқынышты! Аса Жоғары Алла Тағала мұны Құранның көптеген аяттарында растайды:

«Расында, саған да, сенен бұрынғыларға да: "Егер Аллаға ортақ қоссаң, әлбетте іс-амалың жойылып кетеді де, анық зиянға ұшыраушылардан боласың", - деп уахи етілді» («әз-Зүмәр» сүресі, 65-аят).

Екінші себеп: ширк жасау, яғни Аллаға әлдебіреуді серік қосу Қиямет Күні адамды жасаған күнәлары үшін Алланың кешіріміне ие болудан мақұрым етеді.

Адам өлімінен бұрын тәубе етпесе, ол Қиямет күні міндетті өте қатаң жазаға ұшырайды. Алла Тағала былай деді: «Расында, Алла Өзіне серік қосуды кешірмейді, бұдан өзгені қалаған кісісіне кешіреді» («ән-Ниса» сүресі, 48-аят).

материал «Лұқман хәкім өсиеттері» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: