05
Жұма,
Желтоқсан

һижри

Күн сайын қанша күнә істеп жатқанымызды кім білсін?!

Күн сайын қанша күнә істеп жатқанымызды кім білсін?!

Ғибратнама
Жарнама

Бір кісі өз-өзін есепке тартыпты.

Ол үшін бүкіл өмірін жалпылама алпыс жыл деп алып, сол алпыс жыл ішінде қанша күн бар екенін есептегенде 21 900 күн шығыпты. Бұны көріп есі шыға безек қаққан әлгі кісі өкіріп жылап қоя беріпті. 

– Күн сайын бір күнәдан істесем осыншама көп күнәмен қай бетіммен Алланың алдына барам?! – деп жанын қоярға жер таппай егілген ол сол мезет талып қалыпты.

Есін жиғанда жаңағы нәрсе қайта есіне түсіп, қайтадан талықсып кетіпті. Маңайындағылар оятуға тырысқанда оның өліп қалғанын бір-ақ біліпті.

Иә, біздің күніге қанша күнә істеп жатқанымызды кім білсін? Соңымыз не болар екен? Алла бәрімізді де кешірсін!...

материал «Тағылым тамшылары» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: