21
Сенбі,
Желтоқсан

һижри

Қос уыс құрма

Ғибратнама
Жарнама

Сахабалардан Бәшир ибн Саадтың қызы мен Нұғман ибн Бәширдің қарындасы әңгімелесуде:

Анам Амра бинту Рәуаха (р.а) мені шақырып, етегіме екі уыс құрма салып берді де:

 

- Қызым, бұл әкең мен нағашы ағаң Абдуллаһ ибн Рәуаханың тамағы, апарып бере ғой, - деді.

Жолда кетіп бара жатып, Пайғамбарымызды (с.а.с) кездестірдім. Одан әкем мен нағашы ағамның қайда екендіктерін сұрадым. Ол маған:

- Қызым бері келе ғой, қолыңдағы не нәрсе? - деп сұрады.

Мен:

- Уа, Расулаллаһ! Бұл құрма ғой. Әкем Бәшир ибн Саад пен нағашы ағам Абдуллаһ ибн Рауахаға шешем беріп жіберді, - дедім.

Пайғамбарымыз (с.а.с.):

- Онда бері әкеле ғой, - деді.

Мен етегімдегі құрмаларды Расулаллаһтың уысына төктім. Құрмаларым қос уысына толмай қалды. Пайғамбарымыз (с.а.с.) бір орамал алдырып, құрмаларды сол орамалдың үстіне шашырата төкті. Сөйтті де жанындағыларға айтып, қаланы айналдыра ор қазып жатқан мұсылман сарбаздардың бәрін тегіс құрма жеуге шақыртты. («Хәндақ»соғысы қарсаңы)

Пайғамбар шақыруымен Хәндақ сарбаздары тайлы тұяғымен тегіс жиылып келіп құрмаға қол созды. Алайда, бір таңғаларлығы, келген әскерлердің барлығы қанша жесе де орамалда үйіліп тұрған құрмаларды тауыса алмады. Тіпті тауыспақ түгілі құрмалар өз-өзінен көбейіп, орамалға сыймай кеткен еді.

Иә, бұл сүйікті Пайғамбарымызға (с.а.с.) тиесілі көп мұғжизалардың бірі ғана. 

«Тағылым тамшыларынан»

Бөлісу: