30
Жұма,
Қаңтар

һижри

«Жәннатта сізге ілесуді қалаймын…»

«Жәннатта сізге ілесуді қалаймын…»

Ғибратнама
Жарнама

Алла елшісі (с.ғ.с) ешқашан біреудің жасаған жақсылығын ұмытпайтын.

Кім Оған аз да болса жақсылық жасаса, міндетті түрде одан да көркем түрде қайтарып беретін. Бұл – Оның асыл мінезінің айғағы.

Бірде Нәжәшидің елшілері келгенде, Пайғамбарымыз (с.ғ.с)  өзі орнынан тұрып, оларды күтіп, қызмет көрсетті. Сахабалар:

– «Уа, Расулалла! Біз бар ғой, біз істейік», – дегенде, Ол (с.ғ.с)  былай деді:

«Олар біздің сахабаларымызға (Меккеде қудаланғанда) сый-құрмет көрсетті. Мен де оларға сол жақсылықтың қарымын қайтарғым келеді» (Бәйһақи, «Дәләил»).

Амр ибн Ахтаб әкелген суының ішінде бір тал шашты көріп, алып тастаған кезде, Пайғамбар (с.ғ.с) оған былай деді (с.ғ.с) «Алла сені көркем етсін!»

Риуаятшы айтады: «Амрды тоқсан жасында көрдім, сақалында бір тал да ақ шаш жоқ еді» (Ибн Исхақ).

Әбу Аййуб әл-Ансари бір күні Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) сақалына түскен қауырсынды алып бергенде, Ол (с.ғ.с) оған: «Алла сені жек көрген нәрселерден сақтасын» – деп дұға етті.

Рәбия ибн Ка’б әл-Аслами былай дейді: «Мен Пайғамбардың (с.ғ.с)  қасында түнейтінмін, оған дәретке су әкеліп, қажеттісін дайындайтынмын.

Сонда Ол (с.ғ.с)  маған: “Не қалайсың? Сұра!” – деді.

Мен: “Жәннатта сізге ілесуді қалаймын”, – дедім. Ол Басқа нәрсені сұрамайсың ба?” – деді. Бірақ мен: “Жоқ, соны ғана қалаймын” – дедім» (Муслим).

Бұл Оның қызметті бағалап, жақсылықты ең көркем түрде қайтарғанының айқын дәлелі...

 

материал «Бұл Алланың елшісі (с.ғ.с)» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: