Мәшһүр Жүсіп жас кезінен кітапқа қатты құмар болған. Ол ауыл-ауылды аралап, ескі шежіре, діни кітап, қисса-дастандарды жинап, көшіріп жазып жүрген. Кейде бір кітап табу үшін бірнеше күн жол жүретін болған.
Бірде Мәшһүр Жүсіп алыстағы бір ауылда сирек, кездесе бермейтін діни кітап бар деп естиді.
Кітапты көруге қатты құмартқан ол бірнеше күн жол жүріп, сол ауылға барады. Үй иесі кітапты ешкімге бергісі келмейді.
Сонда Мәшһүр Жүсіп: «Маған кітапты үйге алып кетудің қажеті жоқ, тек қасында отырып оқуға рұқсат беріңіз» - дейді.
Үй иесі келіседі. Мәшһүр Жүсіп бірнеше күн бойы сол үйде отырып, түн ұйқысын бөліп, шам жарығымен кітапты түгел көшіріп жазады. Себебі ол кезде кітап өте аз, баспа жоқ, сондықтан білімді сақтау үшін адамдар қолмен көшіріп алатын.
Мәшһүр Жүсіптің оқиғасы қазақ даласында кітапқа деген құрметтің қаншалықты жоғары болғанын көрсетеді. Сол еңбегінің арқасында Мәшһүр Жүсіп кейін жүздеген шежіре, діни, тарихи деректерді жазып қалдырған.
материал «Хал-ахуал» кітабынан алынды,
ummet.kz