Адам өмірде өзіне жүктелген міндеттердің себебін іздейді. Рухани салада материалдық түсініктемелер бізді мақсаттан алыстатса, рухани түсініктемелер ғана адамдық болмысымызды қанағаттандырады.
Міне осы айтылғандардан түсінікті болғанындай, Құран мен сүннетке толық үйлесімді болған тасаввуфты жоққа шығаруға тырысу - жеміс беретін ағашты кесумен бірдей әрі жауапкершілігі де үлкен іс.
Хазіреті Мәулана: «Егер мұрның иіс сезбесе, гүлді кінәлама» - дейді. Тасаууфтың қазіргі кездегі маңызының екінші бір жағы, оның, адамдарды дұрыс жолға салу үшін ұстанған әдістемесі мен тәсілі. Шариғат дүние және ақыретте сый мен жаза арқылы адамдарға дұрыс бағдар беруді мақсат етеді. Ал, тасаууф, сүйіспеншілік, мейірім және махаббатты ұстанады.
Қазіргі заманда адамдар көбінесе діннен алшақ қалудың және үлкен күнәлар істеудің ауыртпалығын тартуда. Мұндайда оларға дұрыс жол табудың мүмкіндігін ұсыну керек. Ол - кешірім, мейірім жолы. Мұнымен бұл шаруа өте оңай іске асады. Әрі мүмкіндігі жоғары екендігін ешкім жоққа шығармайды.
Бұл жөнінен заманымызда тасаууф ақиқаттар мен оның қағидалары да үлкен мәнге ие болуда. Сондай-ақ кешіріммен, мейіріммен қарағандар еліміздегі сияқты, батыста да рухани жетістіктерге көбірек қол жеткізгендігі көрінеді. Ақыл мен нәпсінің билігінен әбден шаршаған рухтарға Исламды иләһи бір жұбаныш самалы ретінде ұсыну үшін оларға жазамен, ашумен жақындаудың орнына, мейіріммен сүйіспеншілікпен жақындау әлдеқайда пайдалырақ тәсіл.
Адамдардың үлкен күнәлардың тұтқыны болуы сүйіспеншіліктің жоқтығының әсері деп танитын тасаввуф иелері бұл көзқарасты және тасаввуфи қағидалардың заманымызда Исламды түсіндірудің ең ықпалды да өнімді жолы деп білуде. Өйткені, адамдар үнемі Абдұлкадир Гейлани, Юнус Әмрә, Бахаеддин
Нақшибәнд және Мәуләнә сияқты Хақ достарының махаббат құшағын аңсайды.
Осы сағыныш пен махаббатты көрсету жағынан мына мысалға назар аударалық: Мәуланаға ғашық Пакистандық ойшыл Мұхаммед Икбал ұшақ түрік әуе кеңістігіне кіре бере орнынан тұрып, бір мезгіл отырмаған. Қасындағылар: «Неге отырмайсыз?» - деп сұрайды.
Ол: «Бұл жерлер Хазіреті Мәулананың қабірі болған мүбәрәк мекен. Және бұл қасиетті мекенде өмір сүрген халық та жылдар бойы Исламның қорғаны болған халық. Егер түрік халқы болмағанда Ислам Араб түбегінде қамауда қалар еді. Сол үшін көңілімдегі Хазіреті Мәуланаға және оның асыл халқына деген шексіз құрметім үшін орнымнан тұрдым» - деп жауап береді.
Мұндай сүйіспеншілік, құрмет пен сыйға толы бұл оқиға тасаууф жолында жетілген дара тұлғаларының бірі Хазіреті Мәуләнаның қайтыс болуынан көптеген ғасырлар өткенің өзінде Икбал сынды ұлы ойшылға әсер етіп, оның тұлғасының қалыптасуына ықпал етіп, оның көңіл әлемін ғашықтық, шын пейілділік, махаббат, нәзіктік, пәктік, мағрифат сияқты ұлы қасиеттермен безендіруі бейне бір тасаууфтың қажеттігін бейнелейтін ерекше бір ақиқат іспеттес.
Бұл тіпті, шығыстан батысқа дейін қаншама көңілдерді біріктірген, кемелдендірген және асқақтатқан ақиқат! Ғасырлар мен нәсілдерді қамтыған тамаша ақиқат.
материал «Иманнан ихсанға» кітабынан алынды,
ummet.kz