30
Дүйсенбі,
Желтоқсан

һижри

Суды ағызған бір ауыз хат

Ғибратнама
Жарнама

Мысыр шаһарының әмірі болған хазіреті Амр ибн Асқа сол шаһардың халқы келіп:

«Ніл өзенінің бір өзіне тән әдеті бар. Бұл әдетті орындамасық ол тартылып қалады. Ол осы айдан 12 күн өткеннен кейін, бір қыз табамыз. Жанұясына ақша беріп, разылығын алып, ол қызды әдемілеп, сәндеп, Ніл өзеніне лақтырамыз», -дейді.

Амр ибн Ас болса:

«Ислам бұрынғы бұрыс әдеттерді жойған»,- деп қабыл етпейді.

Айтқан уақыттарынан үш ай өтпей жатып, Ніл өзенінің суы халықтың айтқанындай тартылып қалады. Ніл өзенінің тартылған жағалауының халқы басқа жерге қоныс аудара бастайды. Бұл жағдайды көрген Амр ибн Ас Хазірті Омарға хат жазып, жағдайды баяндайды.

Хазіреті Омар хатты алып, былай деп жауап береді:

«Олардың шариғатқа қарсы амалдарын орындамағаның дұрыс болған. Хаттың ішіндегі қағазды Ніл өзеніне таста».

Нілге лақтырған хатта былай делінген:

«Алланың құлы Омар ибн Хаттабтан Ніл өзеніне!

Егер бұдан бұрын өзім ағып тұрмын деп ойласаң, ақпа! Егерде сені жалғыз және қаһарлы болған Алла Тағала ағызған болса, мен Алладан сені ағызуы үшін дұға етемін, ағызуын сұраймын...».

Амр ибн Ас ол қағазды Ніл өзеніне тастайды. Ертеңіне су аға бастайды және бұдан кейін еш тоқтамайды.

 

 "Ғибратты оқиғалар"

Бөлісу: