21
Сенбі,
Желтоқсан

һижри

«Суы суға кетті»

Ғибратнама
Жарнама

Бір сүт сатушы сүт сатып, ақша жинап Алладан қажылыққа баруды сұрайды. Алла жеткізіп он төрт алтын теңге жинап, ақшаны беліне байлап қажылық сапарына аттанады. Теңіз жағасына келіп қажылыққа кетіп бара жатқандардың кемесіне отырады. Кемеде маймылға қалтадан әмиан ұрлауды үйреткен сығандар да бар еді. Сүт сатушы демалып жатқан кезде сығанның маймылы қалтасынан әмианын ұрлап алып биік діңгекке шығып кетеді.

Сүт сатушы барынан айрылғанын біліп сығанның мойнына пышақ тақап: «Егер маймылың ақшамды қайтармаса, мен сені сойып жіберемін» дейді. Сыған: «қазір алып беремін» деп қалтасынан өзінің әмианын алып маймылға көрсетеді. Ішін ашып ішіндегі ақшаны жерге тастайды. Маймыл егесінің істегенін қайталайды. Сүт сатушы бір алтын теңгені алып Құдайға шүкір дейді. Маймыл екінші теңгені шығарады да теңізге лақтырады. Бір теңгені кемеге, бір теңгені теңізге тастап ақырында жеті теңге кемеге, жеті теңге теңізге кетеді. Сүт сатушы: «Я, Раббым, тәубе еттім, сататын сүтімнің тең жартысына су қосып сатушы едім. Сүттін ақшасы жанымда қалды, су суға кетті» депті. 

«Гүлістаннан» бір мысал

Бөлісу: