30
Дүйсенбі,
Желтоқсан

һижри

«Ізденген жетер мұратқа»

Ғибратнама
Жарнама

Ұстазы шәкірттерінен: «Сендер бір шәугім шайды қайнатып жатырсыңдар деп ойлайық, дәл осы сәтте отындарың қалмай қалды. Аздан соң от өшіп, шай қайнамай қалады. Сендер не істейсіңдер?» деп сұрайды.

Бірінші шәкірті: «Дереу барып отын теріп келемін!» деп жауап берді.

Екінші шәкірті: «Басқалардан отын сұраймын» деді.

Үшіншісі: «Жақын жердегі дүкеннен отын сатып аламын» деді.

Төртіншісі үнсіз қалды.

Дәл осы сәтте ұстазы: «Сендер не үшін шәугімдегі судың жартысын төгіп тастауды ойламадыңдар?» деді.

Әлемдегі барлық істер үмітпен алға ілгерлеу арқылы шешімін таба бермейді, кейде аздаған дүниеден баз кешу де сені көздеген мақсатыңа жеткізуі мүмкін.

Бөлісу: