27
Сенбі,
Сәуір

һижри

Ақшаға алынған май шам

Ғибратнама
Жарнама

Хазреті Омар (р.ғ.) халифа болып тұрған кезінде бір күні түнде халқына, еліне байланысты іспен шұғылданып жатады. Сол кезде біреу жеке басының шаруасымен оның алдына кіріп, шаруасын айта бастайды.

Омар (р.ғ.) шапшаң орнынан тұрып, сол жерде жанып тұрған майшамды сөндіріп, басқа май шам жағады. Бұдан ештеңе түсінбей қалған қонақ Омардан (р.ғ): «Екеуі де май шам. Қараптан-қарап біреуін сөндіріп, екіншісін жаққаныңыз не?» – деп сұрайды.

Халифа Омар (р.ғ.) оған былай деп жауап береді: «Сөндірген май шам – мемлекеттікі. Сенімен жеке шаруа жайында әңгімелесу үшін мемлекеттің малын қолдануға хақым жоқ. Сондықтан оны сөндірдім де, өз ақшама алған май шамды жақтым».

 

«ummet.kz»  рухани – ақпараттық порталы.  

Бөлісу: