28
Бейсенбі,
Наурыз

һижри

Өмір осыншалықты қысқа ма?

Ғибратнама
Жарнама

Жасы үлкен қариядан немересі:

– Ата! Бір адамның өмірі шамамен қанша уақыт? – деп сұрағанда қария күлімдеп:

– Азан мен намаз арасындағы уақыт, балам.  Немересі түсінбеген сыңай танытып:

– Сонда қалай? Өмір осыншалықты қысқа ма не? – деп сұрайды. Атасы:

– Иә, балам! Өмір намазсыз азан мен азансыз намаздың арасындай, –дейді. Немересі қайта таңқала сұрайды:

– Намазсыз азан мен азансыз намаз деген сөзіңізді қалай түсінуге болады?

– Ботақаным-ау, өткенде көршіміздің баласы туылды. Сәбидің құлағына азан айтылды есіңде ғой?

– Иә.

– Сол азанның намазы оқылды ма?

– Жоқ.

– Ол азан «намазсыз азан» болатын. Адам өлген кезде оқылатын намаздың (жаназа намазының) азаны болмайды. Ол «азансыз намаз». Ол намаздың азаны адам туылған кезде оқылған.

  Дайындаған  Файзулла Тайтелиев

Бөлісу: