19
Жұма,
Сәуір

һижри

«33 рет субханаллаһ»

Ғибратнама
Жарнама

Әбу Хұрайра (р.а.) әңгімелеуде:

«Бір күні мұһажирлардың кедейлері: «Уа, Алланың елшісі! Байлар байлығымен көп сауапқа кенелуде. Дәрежелері де биіктеуде. Біз олардың деңгейіне қалай қол жеткіземіз? Біз оқыған намазды олар да оқиды, біз тұтқан оразаны олар да тұтады. Құл азат етеді. Садақаны да көп береді. Ал біздің жағдайымыз өзіңізге белгілі» деп мұңын шағады.

Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Оларға жету үшін сендерге бір амал үйретейін бе? Егер осы үйреткенімді істесеңдер, мерейлерің үстем болады. Сендерден  озғысы келген біреу болса, тек осы амалмен ғана озады. Басқа ешкімнің де алдарыңа түсе алмайды» дейді.

Олар бұны естуге құмартқанда, «Әр намаздан соң 33 мәрте «субханаллаһ», 33 мәрте «әлһамдулиллаһ», 33 мәрте  «Аллаһу әкбар» деуді ұмытпаңдар» деген жауап естиді.

Олар осы дұғаны үздіксіз оқиды. Бірақ көп ұзамай байлар да бұл дұғаны үйреніп алып оқи бастайды.

Мұһажирлердің кедейлері қайта келіп жүгінеді: «Уа, Алланың елшісі, бұл амалды бай бауырларымыз да естіп, олар да біз секілді осы ғибадатпен амал етуде» дейді.

Сонда Рақым пайғамбары (с.а.с): «Бұл – Алланың жақсылығы. Мұны қалағанына береді» дейді.  

«Тағылым тамшылары»

Бөлісу: