25
Бейсенбі,
Сәуір

һижри

Шүкірлік оразасы

Ғибратнама
Жарнама

Хасан мен Хұсейін кішкене кездерінде ауырып қалды. Сәбилерінің науқасын уайымдаған Әли мен Фатима (р.а.) балалары жазылғанда, шүкіршілік ретінде ораза ұстай бастады.

Алғашқы күні ауызашарға дайындаған тамақты енді ауызға ала бергенде, қайыр сұрап келген жетімдерге қиды. Өздері ауыз ашпастан екінші күнгі оразаға ниет етті. Екінші күні де ауызашарға дайындаған тамақты «Құдай үшін беріңдерші» деп келген кембағалдарға берді. Бұл кеште де ауыз ашпастан үшінші күнге ауыз бекітуге ниет етті. Үшінші күні де дәл осы жағдай қайталанып, ауыздарынан жырған асты табалдырыққа келіп көз сүзген жалынышты тұтқындарға берді.

Кейіннен осыған қатысты аят түсті:

«Олар дүние тіршілігінде берген уәдесінде тұрды, атаған нәрселерін орындады, алапаты бүкіл көкжиекті қаптап кететін қиямет күнінен қорқатын. Өздері қажетсіне  тұра бір ғана Аллаһ разылығын көздеп бейшараға, жетімге және тұтқындарға берді. Сөйтті де «Біз бұларды Аллаһ тағаланың разылығы үшін қидық. Сендерден қайтарым ретінде ештеңе, тіпті алғыс та күтпейміз» деді.

 

...Осы себепті оларға Хақ тағала тахур шарабын ішкізді: «Міне бұл сендердің марапаттарың. Еңбектерің қабыл болды»» («Инсан» сүресі, 7-9, 21).

"Тағылым тамшылары"

Бөлісу: