21
Сенбі,
Желтоқсан

һижри

Нұх пайғамбар мен шайтанның әңгімесі

Ғибратнама
Жарнама

Пайғамбарлар қиссасын естімеген және оқымаған адам аз шығар. Адамның табиғаты осындай, яғни адам тарихи оқиғаларды, қиссаларды жақсы көреді екен. Сол себепті Алла тағала Құранда көптеп қиссаларды берген. Адам оқысын, ойлансын, ғибрат алып, ой түйсін дегендей.

Құранда есімі аталған пайғамбарлардың бірі – Нұх (ғ.с.). Бұл пайғамбардың қауымын су басқаны мәлім. Енді осы оқиғаға қатысты мынадай әңгіме келеді.

Бір күні Ібіліс малғұн Нұх пайғамбарға көңілді болып келеді. Нұх пайғамбар оның шаттанып жүргенін байқап, одан:

– Ей, малғұн! Не үшін көңілді болып келдің? - деп сұрайды. Ібіліс:

– Мен қалайша қуанбаймын. Сен қауымыңа қарғыс дұға қылдың. Олардың барлығы тозаққа кіріптар болды. Олар тозақты толтырды. Егер сен қарғыс дұға қылмағаныңда олардың арасынан қанша әулие шығып, маған лағынет айтар еді – дейді. Сонда Нұх пайғамбар:

– Сабырлық қылғанымда болады екен-ау, – деп көп жылаған екен. 

Жалғас САНДЫБАЕВ

Бөлісу: