27
Дүйсенбі,
Мамыр

һижри

Малға күтімді Пайғамбарымыздан (с.ғ.с) үйренейік

Ғибратнама
Жарнама

Сәһл ибн Хандалиа әл-Ансариден (р.а.) жеткен хадис:

 

Бір күні Алла елшісі (с.ғ.с) қажеттін өтеу үшін таң ата бере сыртқа шығып бара жатыр, мешіттің есігі алдында шөктіріп кеткен түйе көрді. Күн батып бара жатқанда әлгі түйені таңға жуық көрген жерінен тағы да көрді, түйе сол бетінде қозғалмаған күйде жатыр. Сол кезде пайғамбарымыз (с.ғ.с):

- Мына түйенің иесі қайда? – деп сұрады. Адамдар түйенің иесін іздеді, бірақ таба алмады. Түйенің таңнан кешке дейін жем-сусыз тастап кеткеніне ашуланған пайғамбарымыз (с.ғ.с):

- Алладан қорқыңдар! Дертін айта алмаған тілсіз хайуандарға хақсыздық қылмаңдар! Оларға күйлі, қуатты, семіз болғанда ғана мініңдер! – деді (Ахмад бин Ханбал).

 ***

Мейірім пайғамбары ретінде жіберілген Алла елшісінің осы оқиғасы оның хайуандарға да қаншалықты мейірімді екенін көрсетеді. Біз, мұсылмандар, кейде хайуан тұрмақ, адамға да тасжүректік танытамыз.

Бөлісу: