29
Жұма,
Наурыз

һижри

Жаңылу сәждесі

Ғибратнама
Жарнама

Бір күні мешітте шәкірттерімен бір мәселені талқылап отырған ғұлама, дәрісіне үзіліс беріп, шәкірттеріне тынығып алыңдар дейді. Сол кезде мешітке үнемі келіп, жұрттан көрген намазын оқып, біресе жығылып, біресе тұрып күбірлеп жүретін есі-басы кемістеу жігітті көзі шалған ғұлама қасына шақырып әңгімеге тартады:

- Сен бізге айта қойшы, Саху сәжде деген не? – деп сұрайды. Сонда әлгі жігіт:

- Сіздің саху сәждеңіз бе, әлде өзімнің саху сәждемді ме? – дегенде ғұлама іштей, мен білетін саху сәжде біреу, мынау тағы не нәрсе айтпақшы өзі, деп таңырқап тұрады да:

- Жарайды алдымен меніңкіні айт, сосын өзіңдікіні айтарсың – дейді.

- Сіздің саху сәждеңіз намазда жаңылғанда екі рет қосымша сәжде. Мысалы, намаздың парызын кешіктіргенде, яки бір уәжіпті ұмытып тәрк еткенде намаздың соңында қателесу сәждесін жасайсыз. Ал менің саху сәждем: Мен қай кезде Алланы ұмытсам, сол кезде «жаңылғаным үшін кешіре гөр» деп сәждеге жығыламын,- деп жауап бергенде әлгі ғұлама жігіттің жауабына таң қалып, қанша нәрсе білсе де өзінен төмен санап жүрген жігіттен өмірлік үлкен сабақ алып, адамның үйренері көп екенін түсінген екен.

Бөлісу: