26
Жұма,
Сәуір

һижри

ШЫНАЙЫ СЕНІМ

Ғибратнама
Жарнама

  Атақты ғалым Әбу Бәкір Баррак Құран Кәрім үйрену үшін, баласын медресеге жіберетін.

Бір күні баласы медреседен қорқыныштан сұп-сұр болып оралады. Мұны көрген Әбу Бәкір Баррак:

-Балам, не болды саған, түрің өзгеріп кетіпті ғой?! – деп сұрады.

Баласы:

-Әкетайым бүгін медреседе Құран Кәрімдегі: «Егер қарсыласа берсеңдер, жас балалардың шашын ағартатын күннен қалай сақтанасыңдар?» (Мүзәммил, 17) аятын оқыдық. Мұны ойлаған сайын төбе шашым тік тұрады, - деп жауап қайтарды.

Сол күннен бастап баласы төсек тартып жатып қалады. Сөйтіп араданкөп уақыт өтпей, баласы дүние салады. Хазіреті Әбу Бәкір Баррак баласының қабірін жиі зиярат етіп, қабірді құшақтап тұрып:

-Мен сонша уақыттан бері Құран Кәрім оқып келе жатырмын. Бірақо дүниедегі қорқынышты жағдайды балам сияқты ойланып, әсерленген емеспін. Ертең (қияметте) жағдайым қандай болмақ!? Нендей өкініш! – деп қайғырған екен. 

Бөлісу: