21
Сенбі,
Желтоқсан

һижри

Құтылудың жолы

Ғибратнама
Жарнама

Пайғамбарымыз (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) Муаз бин Жәбәлға (р.а) былай деді: «Я, Муаз! Әлбетте, Алла Тағала жер мен көкті жаратпас бұрын жеті періште жаратты. Осы жеті періштенің әрбіреуін әрбір көк есігіне күзетке қояды. Бұл періштелер ішінде ғайбат, мақтану, тәкаппарлық, өзін-өзі, жақсы көру, қызғаныш, рия араласқан амалдың, мейрімсіздің амалын және ықылассыз, яғни Алла ризалығы үшін жасалмаған амалдардың Алла Тағаланың алдына шығуына рұқсат етпейді. Сосын бұлардың бірі де араласпаған бір амал әкелінеді. Алла Тағалаға ұсынылады, бірақ Алла Тағала:«Мен құлымды сендерден де артық білемін. Ол амалын мен үшін жасамады» - деп қабыл етпейді».

Муаз бин Жәбәл (р.а) қатты жылап жібереді де: «Я, Расулалла, сен Алланың Расулысың, күнә атаулыдан қорғалғансың. Ал мен болсам Муазбын, күнә жасаудан қорғалмағанмын. Мен қалай құтыламын. Мен қалай құтыла аламын?» деп сұрады.

Сонда Пайғамбарымыз (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) «Я, Муаз! Амалыңда кемшілік болса да, үнемі маған, менің сүннетіме жабыс. Тіліңді адамдарды ғайбаттаудан тұт. Қателікті тек өзіңнен ізде. Басқаларды жамандау арқылы өзіңді ақтама. Менменсініп өзіңді басқалардан жоғары ұстама. Діни ілімдер секілді ақырет амалына дүниелік пайданы араластырма. Рия араласпауы үшін амалыңды (нәпіл ғибадаттарыңды) жасырын ұста.Достарыңмен бірге отырғанда дін мен әдепке сай келмейтіндерді сөз қылма, бұл жаман қылық.  Досыңнын сырын шашпа. Іліміңнін немесе байлығыңның көптігін алға қойып, өзіңді өзгелерден жоғары санама, әйтпесе сенен дүние мен ақырет жақсылықтары кесіледі. Адамдарды тіл тигізіп немесе жамандап жаралама, әйтпесе сені де жыртқыштар қиямет күні парша-парша етер»  деді. 

Содан кейін Хазіреті Муаз (р.а): «Я, Расулалла, осы қасиеттерді оындауға және осы азаптан құтылуға кімнің күші жетеді?» деп сұрады. Пайғамбарымыз (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын): «Муаз, Алла Тағала оңайлатқан адамдарға бұлар жеңілірек. Саған мынаны өсиет етейін, егер орындасаң құтыласың: Өзің үшін жақсы көрген нәрсені басқалар үшін де жақсы деп тап. Өзің жақсы көрмегенді басқаларға да лайық көрме» деген екен. 

Бөлісу: