20
Сенбі,
Сәуір

һижри

ДІНИ ОҚУ ОРНЫН ДҰРЫС ТАҢДАҢЫЗ!

Ғибратнама
Жарнама

Құрметті биылғы мектеп бітіруші түлектер, жастар, діни оқуға түсуге ниет білдіруші талапкерлер! Соңғы кезде уатсап байланыс желісі арқылы 16 мен 25 жас аралығындағы жастарды шет мемлекеттердегі ақысыз негіздегі діни оқу орындарына оқуға ашық шақырған жазбалар кеңінен таралуда. Мұндай мазмұндағы хабарламалар келген жағдайда, онымен бөлісіп, өзгеге жіберуден сақ болыңыздар.

Діни білім алуға, сондай-ақ, діни білімін одан әрі жетілдіруге ниет білдірген барша азаматтар мен азаматшаларды ҚМДБ-қа қарасты оқу орындарына оқуға шақырамыз!

Төменде оқу орындарының толық мекен-жайы мен байланыс телефондарына хабарласып толық мәлімет алуға болады.

  1. «НҰР МҮБАРАК» Египет Ислам

Мәдениеті университеті: Алматықаласы, әл-Фарабидаңғылы, 73. Тел.: 8 (727) 269-51-90.

2. «АСТАНА» медресесі: Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 36. Тел.: 8 (7172) 44 58 44.

3. "ШЫМКЕНТ" медресесі колледжі: Шымкент қаласы, Рекордная өткелі, 4. Тел.: 8(7252) 538674, 8(7252) 538672.

4. «ӘБУ БӘКІР СЫДДЫҚ» медресесі: Павлодар қ., Мүткенов көшесі, 52/2. Тел.: 8 (7182) 62-39-85, 62-00-11.

5. «ҺИБАТУЛЛА ТАРАЗИ» медресесі: Тараз қаласы, Төле би даңғылы, 89 «Б». Тел.: 8 (7262) 57-18-64.

6. «ҮШҚОҢЫР» медресесі колледжі: Алматы обл., Үшқоңыр ауылы, Жібек жолы көшесі, 164. Тел:: 8 (72771) 54652.

7. "ӘБУ ХАНИФА" медресесі: Алматы қаласы, Пушкин көшесі, 12. Тел.: 8 (7272) 278-21-34.

8. «АҚТӨБЕ» медресесі колледжі: Ақтөбе обл., Алға ауданы, Бестамақ селосы, Алға көшесі, 58. Тел.: 8 7133 768145.

9. «ОРАЛ» медресесі: Орал қаласы, Ж.Досмұхамедов көшесі, 22. Тел.: 8 (7112) 50-40-02.

10. "САРЫАҒАШ" медресесі колледжі: ОҚО, Сарыағаш ауданы, Ынтымақ елді-мекені, А.Навои көшесі, 1. Тел.: 8 (725 37) 5-52-92.

11. «ЫҚЫЛАС» қарилар дайындау орталығы: Шымкент қаласы, Еңбекші ауданы, Теріскей мөлтек ауданы.

12. «Қауам ад-Дин әл-Итқани әл-Фараби ат-Түркістани» республикалық қарилар даярлау орталығы: Ақмола облысы, Целиноград ауданы, Қосшы ауылы, Набережная көшесі, 31.

Қалаған оқу орнына құжат тапсырып, бағыңызды сынап, байқап көруге кеңес береміз. Алла баршамызды білуші білім иелерінен және оған амал етуші құлдарының қатарынан етсін! Әмин.

 

 

Дереккөз: Nurgasyr.kz

Бөлісу: