23
Сенбі,
Қараша

һижри

Жәннаттықтарға кімдер қызмет етеді?

Ғибратнама
Жарнама

Жәннат – мұсылман қауымының мәңгілік бақыт мекені. Қияметте ақырет күнінің есебінен абыроймен өткендер өздеріне уәде етілген мекендері Жәннатқа кіреді. Ал Жәннаттағы адамдарға кімдер қызмет етеді? Олардың Жәннаттағы жағдайы қандай болмақ? Ол туралы қасиетті Құранда мынадай бірнеше сүрелер бар.

«Оларды мәңгі бозбалалар айналып, қызмет етіп жүреді, қайнар бұлақтан (толтырылған) көзе, құмыралар және кеселермен одан олардың бастары ауырмайды әрі ақыл-естерін жоғалтпайды – әрі олар таңдаған жемістермен және қалаған құс етімен...» («Уақиға» сүресі, 17-21-аяттар).

«Әрі Біз оларға өздері қалаған жемістер мен еттерді (ет тағамдарын) қосамыз. Ол жерде олар (сусын) толы кеселерді бір-біріне ұзатады, онда бос сөз сөйлеу де, күнә жасау да болмайды» («Тур» сүресі, 22-23-аяттар).

«Оларға алтыннан жасалған табақтар және кеселер ұсынылады. Ол жерде көңілдер қалайтын және көздер рахаттанатын нәрселер бар. Әрі сендер онда мәңгі қаласыңдар» («Зухруф» сүресі, 71-аят).

«Әрі оларға зәнжәбил (сусыны) араластырылған кеседен ішкізіледі, «Сәлсәбил» деп аталатын бұлақтан...» («Инсан» сүресі, 17-18-аяттар).

«(Ей, Мұхаммед!) Иманға келген және ізгі амал жасағандарды сүйіншіле: оларға астынан өзендер ағып жататын (Жәннаттағы) бақтар бар. Оларға оның жемісінен бір ризық берілген сайын олар: «Бұл бізге бұрын да берілген еді» дейді. Оларға (Жәннатта) оның ұқсасы беріледі. Әрі олар үшін онда тап-таза жұбайлар бар. Олар онда мәңгі қалады» («Бақара» сүресі, 25-аят).

«Міне, сендерге істеген амалдарың үшін мұра етіліп берілген Жәннат – осы» («Әл-Зухруф» сүресі, 72-аят).

ummet.kz

Бөлісу: