23
Сенбі,
Қараша

һижри

Таудай қарызыңыз болса да, құтылуға көмектесетін дұға

Ғибратнама
Жарнама

Мұсылман кез-келген қиындықта қолын жайып, бойсұнып Алладан сұраса, мұқтаждығы өтеледі. Өйткені, Алла – адамға Қамқоршы, Жауап қатушы, Сый Беруші, Қайыр есіктерін ашушы, Ризық Беруші, Шипа Беруші, Сақтаушы, Көмектесуші, Амандық Беруші. Егер сіздің таудай қарызыңыз болса да, құтылуға көмектесетін мына дұғаны оқыңыз.

Әбу Уәил Шәкик ибн Сәләмә былай дейді:

Бір күні Хазіреті Әлидің (р.а.) жанына азаттығымен қауышу үшін қожайынымен келісім жасасқан бір құл келіп:

– Уа Әли! Қожайыныма қарыз едім, оны қайтаруға жағдайым жоқ. Маған жәрдем ет, – дейді. Сонда Әли:

– Қаласаң, Пайғамбарымыздың (ﷺ) маған үйреткен дұғасын саған да айтайын, бұл дұғаны үнемі оқысаң, үстіңде таудай қарызың болса да, Алла Тағала бұл қарызыңнан құтылуға жәрдем етеді, – деп мына дұғаны үйретті:

اَللّٰهمَّ اكْفِنِى بِحَلَالِك عَنْ حَرَامِكَ وَ أَغْنِنِى بِفَضْلِكَ عَمَّنْ سِوَاكَ

«Аллаһуммә кфинии би хәләликә ‘ән харамик. Уә әғнинии би фәдликә ’әммән сиуак...»

Мағынасы:

«Алла Тағалам! Мені халалыңмен жеткілікті түрде ризықтандыра гөр, харамға мұқтаждығым қалмасын! Мені сый-сияпатыңмен байыта гөр, Өзіңнен басқаға мұқтаж ете көрме!»

ummet.kz

Бөлісу: