22
Жұма,
Қараша

һижри

Өлімнен басқа барлық ауруларға ем болатын таңдаулы дұға

Ғибратнама
Жарнама

Бұл дұға – өлімнен басқа барлық ауруларға ем. Бұхариден жеткен хадисте сахабалар жорықта жүргенде бір ауылға барып өздерін қонақ етуді өтінеді. Алайда, ауыл адамдары сараңдық танытып, оларды қабылдай қоймайды.

Сол күні ауыл көсемін шаян шағып алған еді. Ауру меңдеп, жанын қоярға жер таппаған соң олар өздері қонақ етуден бас тартқан әлгі сахабаларға келіп, жәрдем сұрайды. Осы кезде Әбу Сағид әл-Худри (р.а) орнынан тұрып, әлгі науқасқа «Фатиха» сүресі арқылы дем салып, ауыл көсемі сол арқылы  жазылып кеткені хабарланған.  Демек, «Фатиха» – шипа болушы сүре. Ауырып тұрған жерге қолыңызды қойып «Фатиха» сүресін жеті рет оқисыз немесе суға, балға жеті рет оқып, үрлеу арқылы дем салуға болады.

بِسْمِ اللَّهِ الرَّحْمَـٰنِ الرَّحِيمِ ﴿١

 الْحَمْدُ لِلَّهِ رَبِّ الْعَالَمِينَ﴿٢

 الرَّحْمَـٰنِ الرَّحِيمِ ﴿٣

 مَالِكِ يَوْمِ الدِّينِ ﴿٤

 إِيَّاكَ نَعْبُدُ وَإِيَّاكَ نَسْتَعِينُ ﴿٥

 اهْدِنَا الصِّرَاطَ الْمُسْتَقِيمَ ﴿٦

صِرَاطَ الَّذِينَ أَنْعَمْتَ عَلَيْهِمْ غَيْرِ الْمَغْضُوبِ عَلَيْهِمْ وَلَا الضَّالِّينَ ﴿٧

«Ағузу биллаһи минәш шайтанир – ражим. Бисмиллаһир рахманир рахиим әлхәмду лилләһи раббил ъаләмиин әррахманир рахиим мәлики йәумид диин иййәкә нәъбуду уәиййәкә нәстәъиин иһдинәс сирәтал мустәқиим сирәтал ләз̃иинә әнъамтә ъаләйһим ғайрил мәғдууби ъаләйһим уәләд долиин (Әмин).

Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын. (1)

Барлық мақтау бүкіл әлемнің Раббысы Аллаға тән. (2)

Аса қамқор, ерекше мейірімді. (3)

Қиямет күнінің иесі. (4)

Саған ғана құлшылық қыламыз, әрі Сенен ғана жәрдем тілейміз! (5)

Бізді тура жолға сала көр! (6)

Нығметке бөленгендеріңнің жолына! Ашуға ұшырағандардың және адасқандардың жолына емес! (7)

ummet.kz

Бөлісу: