22
Жұма,
Қараша

һижри

Тәлімгерге насиxат

Тәлімгерге насиxат

Ғибратнама
Жарнама

Әбу Лейс ас-Самарқанди (р.а) деген фақиһ ғалым:

"Кімде - кім бір ғалымның жанында отырып, бірақ ешнәрсе жаттауға шамасы келмесе, сонда да осы жеті қасиетке ие болады:

1) тәлімгерлер қатарынан деп жазылады;

2) ұстазының жанында қанша уақыт отырса, соншалықты уақыт күнә жасаудан сақталады;

3) ілім аламын деп үйінен шыққанда, Алланың раxметі оған жауып тұрады;

4) ілім алып отырған кезде, кімде - кімге сол жерде Алланың раxметі түссе, оған да үлесі болады;

5) тыңдап отырғаны үшін дінде бойұсынған деген сауап жазылады;

6) ілім алуға қатысып, ешнәрсе түсінбей, жаттай алмай жүрегі қысылатын болса, ол Алламен бірге болған болды.Өйткені xадис - құддыста Алла Тағала:

«أَنَا عِنْدَ الْمُنْكَسِرَةِ قُلُوبُهُمْ مِنْ أَجْلِي»

«Мен үшін жүрегі қысылғандармен біргемін»,-деп бұйырған;

7) ілімге қатысумен ешнәрсе түсінбесе де, сол адам ғалымға деген, ұстазға деген құрметті көреді;

Осы себепті Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) бізге ғалымдармен бірге отыруды бұйырды емес пе?",-деп айтқан екен.

Алла баршамызға пайдалы ілім мен амал нәсіп етсін!

Қуат Қабдолда

Бөлісу: