22
Жұма,
Қараша

һижри

Мына кісінің садақасы қабыл болыпты

Мына кісінің садақасы қабыл болыпты

Ғибратнама
Жарнама

Пайғамбарымыз (с.ғ.с) Табук жорығына шыққанда, мұнафиқтар сылтауларын айтып қалып қояды.

Бірақ жеті саxаба Расулланың (с.ғ.с) алдына расында шамалары жоқтығын айтып жылап келеді.

Олар жөнінде Құранда аят түседі:

"Сондай көліктендіріп жіберуің үшін саған келгенде: "Сендерді аттандыратын көлік таба алмадым» дегеніңде, өздері де сарып қыларлық нәрсе таба алмай көз жастарын күйінген түрде төгіп қайтқандарға да кінә жоқ." (Тәубе:92)

Солардың бірі Ғүлбә ибн Зайд(р.а) кедейліктен Алла жолында беретін садақасы болмайды.

Ол үйіне барып, кешінде Алла алдында жылап тұрып: "Иә Алла!Менің бұл жорыққа беретін садақам да жоқ. Мінетін көлігім де жоқ.Баратын шамам да жоқ...

Мені кімде-кім ренжіткен болса, ғайбаттаған болса, қиянат жасаған болса, барлығын кештім.Осы ниетімді менен садақа етіп қабыл алшы",-деп жалбарынады.

Ертеңінде Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) алдына барғанда, Расулалла (с.ғ.с)оған:

"Садақаң қабыл болды",-деп сүйіншілейді.

Алдымызда Қадір түні келе жатыр...

Болмасақ та ұқсап бағып, біз де осылай жасауға тырысайық бауырлар!

Сол саxабадай бізді ренжіткендерді кешіре аламыз ба екен?

Шын жүректен...

Бірақ жаңбырдың дән себілген егістікке ғана пайдасы болса, дән себілмеген далаға жауған жаңбырдың пайдасы болмайды.

Ендеше, Алла жүрегімізге иман дәнін себуін нәсіп етсін деп тілейік, әмин!

Қуат Қабдолда

Бөлісу: