22
Жұма,
Қараша

һижри

Адамның атындағы хикмет

Адамның атындағы хикмет

Ғибратнама
Жарнама

Араб тілінде «адам» деген сөз – «инсан» деп айтылады.

Осы «инсан» сөзі «нисиан (ұмыту)» және «унс (жақын болу)» деген екі етістіктен құралады екен.

Ойлап қарасаңыз, екі етістіктің де жақсы және жаман жағы бар. Екеуі де адамның сипатын ашады. «Нисианның» жақсы жағы – Алла Тағала адам баласының басына түскен қайғысын ұмытып кететіні болса, ал жаман жағы – адам баласының Аллаға берген уәдесін ұмытуы екен.
«Унстың» жақсы жағы – «адамның күні адаммен» дегейнде адам баласының басқа біреусіз өмір сүре алмай, жақын болуға талпынуы. Бұнде де адамдар Алла ризашылығы үшін жақын болса – жақсы, ал дүниелік мақсатта жақын болса – жаман. Яғни, «Дүние дос – қалтаңда ақшаң біткенше,
Иман дос – жәннатқа кіріп, жеткенше», - дегендей болады.

Алла баршамызға иман дос, ақыреттік дос болуды нәсіп етсін!

Қуат Қабдолда

ummet.kz

Бөлісу: