22
Жұма,
Қараша

һижри

Мәшһүр Жүсіп: Төрт асыл туралы

Мәшһүр Жүсіп: Төрт асыл туралы

Ғибратнама
Жарнама

Даңқты дала данышпаны Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің шығармаларында көбінен имани құндылықтар  насихатталады. Ол кісінің бір жазбасында адам бойында болуға тиісті төрт түрлі рухани қасиет туралы баяндалады.

Адам баласының қара бойында төрт асыл бар: бірі – жаратқан Алланы бір деп білмек тіліменен; екіншісі – сол тілінің бір дегенін шын деп иғтиқад қылу діліменен (жүрегіменен); үшінші –он екі мүшесін Құдайдың құлшылығында қылу; төртінші – Пайғамбар сүннетін орынға келтіру.

Кімде-кім «Құдайды – бір» деп айтмаса (айтпаса), әғузу билләһ кәпір болады. Тілі бір деп айтқанмен ділінде (жүрегінде) тасдиқ жоқ болса мунафық болады. Тілі бір деп айтқанмен ділінде раста деп тасдиқ болғанменен, ғамалы жоқ, пасық болады. Үшеуін орынға келтіргенмен Пайғамбар сүннетінсіз мүңкәр болады. Төртеуін түгел орынға келтіруші мүмин мұсылман болады. 

ummet.kz

Бөлісу: