21
Бейсенбі,
Қараша

һижри

«Адият» сүресі

Бір аят тәпсірі
Жарнама

Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын.

Бұл сүре «адият» сөзіне серт қылып басталғандықтан «Адият сүресі» деп аталған.

 

(1)«Қатты ентігіп, шапқан» «وَالْعَادِيَاتِ ضَبْحًا »

Алла Елшісі (с.а.у.) Кинанә тайпасына Мунзир ибн Амр ансари деген кісіні қолбасшы етіп аз ғана атты әскер жіберген болатын. Пайғамбарымызға бір ай бойы олардан ешбір хабар келмейді. Мұнафиқтар «олар өлтірілді» деген жалған ақпар таратады. Міне, осы кезде олардың амандықтарын білдіріп, сүйіншілемек үшін Аят түседі.

Алла жолында күрескендердің дұшпандарға қарсы шапқан аттары жайлы сөз қозғайды. Олардың аттары ентігіп шапқанда, олардан қатты дауыс естіледі. Аттардың тұяқтары тастарға тиген сайын жарқылдаған от шығады. Осылайша, аттар айналаны шаң-тозаңға бөлейді.

Дін жолында күресуші аттардның Алла жанындағы абыройлары мен артықшылықтарын баяндау үшін, адам баласының Алланың өзіне берген нығметтеріне шүкірсіздік еткендігіне, әрі оның мол игіліктері мен жақсылықтарын мойындамағандықтан осы аттарға серт қылумен басталады.

Сөздің түсіндірмесі:

ضَبْحٌ (дабх)  аттардың шапқан кездегі ентіккен дауыстары. Антара былай дейді: «Аттар қан майданда қатты ентігіп, тыныс алған сәтте құйындатқан желдей шабады» Осылайша, олар дабыл қағады.

Аяттың қысқаша тәпсірі:

 

Мұсылман әскерлердің дұшпанға қарсы ерсілі-қарсылы шапқан аттарына серт қыламын. Бұл аттардан тыныс алғанда «дабх» деген айқын дауыс естіледі. Ибн Аббас дабх сөзін «аттардың шапқан кездегі ентіккен дауыстары» деп түсіндіреді. Алла Тағала бұл аятта жылқы жануарымен ант етті. Өйткені, адамдар оларға қарап Алланың керемет аят-белгілерін байқайды да, Оның өздеріне деген мейірімін таниды. 

Бөлісу: