«Көктер мен жердегі нәрселер Алланыкі. Іштеріңдегілерді жарияласаңдар да жасырсаңдар да Алла сендерден оның есебін алады» [Бақара,284].
Алла елшісінеﷺосы аят түскенде сахабалар таңданып,ойымызға келген әрбір нәрсе үшін жауап береміз бе?, - деді.
Олар Пайғамбарымызға ﷺ келіп: «Уа Алланың елшісі! Бізге намаз, ораза, Алла жолында күрес секілді шамамыз жететін амалдар бекітілді емес пе?. Алайда, Алла тағала мына аятты түсірді. Біздің бұған шамамыз келмейді ғой?», - деді.
Алла елшісіﷺ: «Сендер де, сендерден бұрыңғы кітап иелері секілді «естідік те, қарсы шықтық» деп айтпақшысыңдар ма?, Жоқ, оның орнына «Естідік те, бойұсындық, кешіріміңді тілейміз. Уа Раббымыз! Бір өзіңе ғана ораламыз», - деп айтыңдар», - деді. Сахабалар Хазреті Пайғамбар ﷺ айтқан сөзді қайталап, жүректеріне бекіткен сәтте Алла тағала :«Пайғамбар ﷺ, Раббысынан өзіне түсірілгенге иман келтірді. Мүминдер де иман келтірді...», - деген аятты түсірді.
Осы аяттардан кейін Алла тағала: «Алла пендесіне тек шамасы жететін нәрсені ғана жүктейді...», - деген аятты түсірді [Бақара 286].
ummet.kz рухани-ақпараттық порталы