26
Жұма,
Сәуір

һижри

«Назиғат» сүресі [1-5 аяттар]

Бір аят тәпсірі
Жарнама

«Назиғат» басқа да меккелік сүрелердей мазмұны Алла Тағаланың бірлігі, пайғамбарлық, Қиямет күні және есеп-қисап сияқты сенім негіздері жайлы. Сүре Қиямет және сол күндегі қорқынышты оқиғалар мен құбылыстар және күнәһарлар мен тақуалар төңірегінде әңгіме өрбітеді.

Сүре мұсылмандардың жанын жұмсақтықпен алатын, ал кәпірлердің жанын қинап қатты алатын және Алла Тағала әмірімен жаратылыстың ісін бақылайтын періштелерге серт етіп басталады.

Сосын, қайта тірілу күнін мойындамайтын мүшріктердің сол күнгі жағдайын суреттейді.

Шектен шыққан перғауынның өзін құдай деп жария еткені айтылады. Сонда Алла Тағала оны және қауымы қыбт халқын суға батырып жоқ еткені баяндалады.

Бұған қоса, меккеліктердің Алла елшісіне (с.ғ.с) қарсылық танытып, шектен шығуы. Сонымен бірге, Алла Тағаланың басқа жаратқан құбылыстарынан меккелік мүшріктердің әлдеқайда дәрменсіз екені ескертіледі.

Сүре соңында мүшріктер алыс деп санаған қиямет күнінің мерзімі туралы сөз қозғалады.

1.Жұлып шығарушылармен

Кәпірлердің жанын қинап, жұлып алушы періштелерге серт!

2.Жеңіл етіп алушылармен.

Мұсылмандардың жанын оңай ғана, ешбір қинамай жұмсақ етіп алушы періштелерге серт. Ибн Масуд (р.а.): «Расында өлім періштесі және оның жәрдемшілері кәпірдің жанын жүннен тісі көп темірді суырғандай етіп қинап алады. Кәпірдің жаны суға кеткен адамдай болып шығады. Ал, мұсылманның жанын жұмсақ та, жеңіл етіп алады. Оны түйенің аяғынан шылбырын шешкендей етіп оңай ғана алады», - деген.

3.Және жылдам жүзушілермен.

Алла Тағаланың әмірі мен уахиын адып түсуде аспаннан суда жүзгендей болып түсуші, Жаратқанның жарлығын орындауда тым асығыс періштелерге серт.

4.Жарысып озушылармен.

Мұсылманның жанын жаннатқа жарыса алып барушы періштелерге серт

5.Әрі істі меңгеруші (періштелермен) серт.

Алла Тағала әмірі бойынша әлемде жел, жаңбыр, ризық-несібе, адамдардың өмірі және басқа да құбылыстарын реттеуші періштелерге серт.

Алла Тағала періштелердің осы бес түрімен серт ете отырып Қиямет күнінің ақиқат екендігін айтуда. Әлбетте, қайта тірілесіңдер және істегендеріңе есеп бересіңдер деуде.  

Бөлісу: