26
Жұма,
Сәуір

һижри

Назиғат сүресі [16 – 20 аяттар]

Бір аят тәпсірі
Жарнама

16

إِذْ نَادَاهُ رَبُّهُ بِالْوَادِ الْمُقَدَّسِ طُوًى

Сол уақытта, Раббысы оған қасиетті Тұуа ойпатында үн қатты.

Мұсаның (а.с) Раббысы оған пәк те құтты Тұуа ойпатында үн қатты. Тұуа – Тур Сина тауының етегінде орналасқан.

17

اذْهَبْ إِلَىٰ فِرْعَوْنَ إِنَّهُ طَغَىٰ

«Перғауынға бар. Өйткені ол шектен шықты.

Алла Тағала Мұсаға (а.с): «Мысырдың перғауынына барып айт, ол бұзықтықта, тәкаппарлықта жәнеАлла Тағалаға күпірлікте тым шектен шығып кетті.»

18

فَقُلْ هَل لَّكَ إِلَىٰ أَن تَزَكَّىٰ

Және оған: «Тазарғың келе ме?»

Оған жұмсақтықпен: «Алла ТАғалаға иман етіп күпірлік пен күнәдан тазарғың келеді ме, қалайсың ба?»–де.

19

وَأَهْدِيَكَ إِلَىٰ رَبِّكَ فَتَخْشَىٰ

«Саған Раббыңа баратын жолды көрсетейін. Одан қорқарсың,»–де.

«Раббыңды тануға, сондай-ақ, иманға жол көрсетейін. Парыздарын орындап, харамнан қашып Оның жазасынан қорқар боларсың,»–де. Қорқу–істің негізі. Өйткені, Алла Тағаладан қорыққан адам бойынан тек жақсылық тарайды.

20

فَأَرَاهُ الْآيَةَ الْكُبْرَىٰ

Мұса перғауынға ірі мұғжизаны көрсетті.

Мұса (а.с) перғауынға барып, оны тура жолға шақырды және сөйлесті. Перғауын Алла Тағалаға иман етуден бас тартқан кезде, Мұса (а.с) пайғамбар оған ең үлкен мұғжизасын көрсетті. Үлкен мұғжиза–пайғамбардың қолындағы аса таяқтың айдахарға айналуы.

Бөлісу: